27.01.2022, 11:00
Оқылды: 18

Франциялық компания қазақтың құсбегілік өнері жайлы сериал түсіреді

Бұл туралы Құсбегілер федерациясының президенті Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлады Zakon.kz.

ed99964cf7f74250893d422317855b6a

Францияның «Les films de la découverte» компаниясының «Орталық Азия ойындары» жобасы аясында Қазақстанға келетіні жайлы айтылды.

Биылғы жарыстардың шымылдығы ақпан айының басында Павлодарда өтетін жастар арасындағы XIV құсбегілік чемпионатымен ашылып, Қызылордада өтетін ересектер арасындағы чемпионатпен жалғасын таппақ, - деді Берік Уәли.

«Франциялық компания деректі сериал циклінің бір бөлімін құсбегілікке арнамақ. Шығармашылық топ наурыз айында елге келуді жоспарлап отыр» – делінген жазбада.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале