Фристайл-акробатикадан Әлем кубогінің алтыншы кезеңінен кейін, алдағы Олимпиадада Қазақстан атынан өнер көрсететін ұлттық құрама спортшылары анықталды. Тізімге Дінмұхаммед Райымқұлов, Шерзод Хаширбаев, Роман Иванов, Асылхан Асан және Аяна Жолдас енді, - деп жазады Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі.

Қазіргі таңда Қазақстан төмендегі спорт түрлерінен лицензияларға ие:
Биатлон – Әсет Дүйсенов, Владислав Киреев, Милана Генева, Айша Рақышева
Конькимен жүгіру – Евгений Кошкин, Кристина Силаева, Елизавета Голубева, Надежда Морозова, Арина Ильященко
Шорт-трек – Абзал Әжіғалиев, Денис Никиша, Ольга Тихонова, Яна Хан
Мәнерлеп сырғанау – Михаил Шайдоров, Софья Самоделкина