20.02.2021, 19:19
Оқылды: 453

Ғали Есқалиев: "Біз жерді дұрыс пайдаланбай отырғандардың аты-жөндерін жариялауды жалғастырамыз"

"Өткен жылы біз бірлік пен түсіністіктің арқасында індетке төтеп бердік. Пандемияға қарамастан өңірдің бірқатар әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің оң нәтижелері арқасында экономикалық тұрақтылық қамтамасыз етілді. Жыл қорытындысында мен өнеркәсіп 3,7%-ға, құрылыс жұмыстары 0,3%-ға, тұрғын үйлерді іске қосу 9,1%-ға артты" деді облыс әкімі Ғали Есқалиев. Еске сала кетсек, дәл қазір облыс әкімі онлайн режимде халық алдында есеп беруде. Есеп «Aqjayq» телеарнасында, облыстық әкімдіктің ресми сайты мен YouTube каналында тікелей эфирде өтілуде.

IMG-20210220-WA0350

Облыс әкімі былтыр ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс көлемі 550 мың гектарға жеткенін айтты.

-Дәнді дақылдардың 227 мың гектары орылып, 292 мың тонна өнім алынды. Бұл көрсеткіш өткен жылдан 20,7%-ға артық.

Орташа өнімділік 2019 жылмен салыстырғанда гектарға 10,3 центнерден 12,9 центнерге дейін өсіп отыр. 2020 жылы өсімдік шаруашылығында аз ғана төмендеу орын алды. Бұл жаздағы қуаңшылық пен Жайық өзеніндегі судың аз болуына байланысты.

Мал саны мен егістік алқаптарын көбейту мақсатында соңғы екі жылда 922 мың гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылық жерлер анықталып, мемлекетке 140 мың гектары қайтарылды. Ал 542 мың гектар жерді шаруалар қайта игере бастады.

Біз жерді дұрыс пайдаланбай отырғандардың аты-жөндерін жариялауды жалғастырамыз. Жерді игеру процесін толықтай бақылау мақсатында арнайы геопортал жасалды. Геопорталда әрбір жер учаскесі бойынша ақпаратты ашық түрде көруге болады, - деді облыс әкімі.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале