Жаңа зерттеу адамдар өз әдеттеріне аздап өзгерістер енгізу арқылы өмірін айтарлықтай ұзарта алатынын көрсетті. Бұл жаңа әдеттерді кез келген жаста қолға алуға болады. Бұл жайлы The Guardian жазды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Фото: pixabay.com
«Қаншалықты ерте бастаңыз, соншалықты жақсы. Бірақ 40, 50 немесе 60 жаста да аздап өзгерістер жасасаңыз, бұл бәрібір пайдалы болады», - дейді АҚШ денсаулық сақтау саласының маманы Сюан-Май Т Нгуен.
Зерттеу 2011-2019 жылдар аралығында жиналған анкета мәлеметтері мен медициналық карталарға негізделген. Жазбалар 40-99 жас аралығындағы 700 000-нан аса адамды қамтыды. Зерттеушілер тобы өмірдің қандай факторлары оның ұзақтығымен байланысты екенін анықтау үшін мәліметтерге анализ жасайды.
Негізгі 8 фактор анықталды:
Жақсы тамақтаныңыз;
Темекіден аулақ болыңыз;
Ұйқыны қандырыңыз;
Физикалық белсенді болыңыз;
Күйзелістен арылыңыз;
Алкогольді азайтыңыз;
Опиоидты тәуелділіктен арылыңыз;
Оң әлеуметтік қарым-қатынасты ұстаныңыз.
Ғалымдар адам ағзасына ең қауіпті әдеттерге есірткіге әуестік пен темекі тартуды жатқызды.