16.01.2023, 17:32
Оқылды: 30

Гарвард студенттері Қазақстанда тағылымдамадан өтеді

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек АҚШ-қа жұмыс сапарының соңғы күнін Harvard University өкілдерінің кездесуімен аяқтады. Іс-шара барысында Гарвард студенттерінің Қазақстанда тағылымдамадан өтуі туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

13

Тарқатып айтсақ, іссапардың соңғы күнінде министр Harvard Innovation Lab, The New England Commission of Higher Education, Davis Center fo Russia and Eurasia studies Harvard Kennedy School басшылығымен, Дуглас Диллон атындағы мемлекеттік басқару профессоры Грэм Аллисон және Гарвард Кеннеди мектебінің халықаралық қаржы және даму жөніндегі Sumitomo - FASID профессоры, Халықаралық даму орталығының директоры Азим Кхваджамен кездесу өткізді.

Азим Кхваджа қонақжайлық танытып министрді өзі басқаратын орталықтың қызметімен таныстырды. Ол өзінің қызығушылығын атап өтіп, ынтымақтастықты Қазақстандағы Гарвард студенттерінің тағылымдамасынан бастауды ұсынды. Министр Саясат Нұрбек бұл бастаманы қолдады.

Айта кетейік, тараптар жоғары оқу орындарының білім алушылары мен ғалымдарымен алмасу мүмкіндігін қарастыратын жобаларды талқылады.

Бұл ынтымақтастықты әрі қарай дамыту үшін Саясат Нұрбек профессор Азим Кхваджаны елімізге шақырды. Өз кезегінде Азим Кхваджа бұл шақыртуды қуана қабыл алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале