5.10.2021, 15:03
Оқылды: 109

Ғарышта алғаш рет кино түсіріледі: Байқоңырдан арнайы экипаж ұшып шықты

Бүгін Байқоңыр ғарыш айлағынан «Союз МС-19» көліктік басқарылатын кемесімен бірге «Союз 2.1 а» зымыран-тасығышы ұшырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

1F52413C-8ECD-4BA3-8F91-FAD34ACB3624

Ресейлік ғарышкер Антон Шкаплеров, актриса Юлия Пересильд және режиссер Клим Шипенко ғарышта алғаш рет көркем фильм түсіру үшін Халықаралық ғарыш стансасына аттанды. «Вызов» атты драма ғарышкердің өмірін құтқарып қалу үшін орбитаға ұшатын дәрігер әйел туралы. Ұшырылым сәтті өтті.

C40C0AD4-A37F-4941-AED0-229D2FA06D96

«Союз 2.1а» зымыран-тасығышы Нұр-Сұлтан уақытымен 14 сағат 55 минутта ғарыш айлағының 31-ші алаңынан ұшырылды. Оларды шығарып салуға көптеген қонақтар, соның ішінде танымал ресейлік актерлер, ғарышкерлер, Бірінші арна басшылығы, БАҚ өкілдері келді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале