Зеленов аудандық №2 соты жол-көлік оқиғасын жасап, сол жерден бой тасалаған тұрғынға қатысты әкімшілік іске нүкте қойды.
БҚО сотының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, сот талқысына белгілі болғанындай, аталған жүргізуші көлігімен газ бағанына соғылған. Содан кейін жол ережесін бұзғаны жөнінде ішкі істер органына хабарлап, қызметкерді күтуі керек еді. Оның орнына оқиға орнынан бой тасалаған.
Сот отырысында құқық бұзушы «қорыққандықтан» қашып кеткендігін алға тартып, кінәсін мойындады.
Сот жүргізушіні ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 611-бабы 3-бөлігіне сәйкес айыпты деп тауып, 30 тәулік қамауға алу жөнінде қаулы шығарды. Қаулы заңды күшіне енді.
Елжан Ералы
Zhaikpress.kz