28.06.2024, 16:15
Оқылды: 104

Географиядан Еуропалық олимпиадада алты қазақстандық оқушы ел намысын қорғайды

28 маусым – 4 шілде аралығында Сербияның Белград қаласында оқушылар арасындағы халықаралық ең ауқымды олимпиадалардың бірі - EGeO өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

345E3D4F-48C2-4C3E-935F-3B71F65CA9F4

Фото: министрліктен

Қазақстанның ұлттық құрамасына олимпиадалық резервтің алты мүшесі енді:

Ақжол Болат — Талдықорған қаласындағы ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы;

Арсен Сыдықов — Шымкент қаласындағы  ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы;

Қанат Серікбай — Шымкент қаласындағы ХББ НЗМ 11-сынып оқушысы;

Жомарт Сабыр — Жамбыл облысындағы дарынды  балаларға арналған мамандандырылған «Дарын» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы;

Андрей Енбахтов — Қостанай ФМБ НЗМ 9-сынып оқушысы;

Амир Дарынов — Өскемен қаласындағы Шығыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 9-сынып оқушысы.

Айта өтейік, географиядан Еуропалық  олимпиада EGeO 2015 жылдан бері өткізіліп келеді. Өткен жылы еліміздің жас географтары алты медаль жеңіп алды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале