13.03.2022, 10:20
Оқылды: 37

Германияда коронавирус жұқтырғандар саны өсті

Германияның Денсаулық сақтау министрі Карл Лаутербах осы аптада эпидемиологиялық ахуалдың қатты нашарлағанын мәлімдеді.

8CF1C60B-AEE0-4291-861F-98BC0CADEF58

«Елде коронавирус бойынша көрсеткіштер күрт өсті. Омикрон штамының жеңіл нұсқа екені толығымен шындық емес», - деді К. Лаутербах брифингте баспасөз құралдарына.

Германияда бейсенбі күні тәулігіне коронавирус жұқтырудың рекордтық көрсеткіші тіркелді, дәл сондай көрсеткіш – 252 836 жағдай 11 наурыз күні де тіркелген.

Сарапшылардың айтуынша, вирус жұқтыру жағдайлары шын мәнінде одан да көп болуы мүмкін. Себебі қазіргі кезде сынақ орталықтарының мүмкіндіктері шектеулі болып отыр.

Алайда Германия осы жылдың 20 наурызынан бастап коронавирус бойынша шектеулердің біразын алып тастауды жоспарлап отыр.

Алысқа жол жүретін пойыздар мен ұшақтарда маска тағу міндетті болып қалады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале