Мұндай ақпаратты Handelsblatt басылымы Verivox компаниясы ұсынған мәліметке сүйене отырып жариялады.
Жылдық газ тұтынуы 20 000 киловатт-сағат болатын отбасы үшін төлем орташа есеппен 2 756 еуро болады. Бұл 2021 жылғы күзбен салыстырғанда 1 457 еуроға немесе 112%-ға көп.
Жылына шамамен 4000 киловатт-сағат электр энергиясын тұтынатын отбасы 1764 еуро төлеуі тиіс болады.
Қарашаның 26-сы күні Германия канцлері Олаф Шольц немістерге қаңтардан бастап энергияға тарифтерді шектеу енгізілетініне уәде берді, бұл халыққа "жаңа қиындықтарды жеңуге" мүмкіндік береді. Баға шектеуі шағын және орта бизнеске, сондай-ақ жеке үй шаруашылықтарына әсер етпек.