26.12.2022, 14:45
Оқылды: 56

Германияда жаңа жылдан бастап газ 112%-ға қымбаттайды – БАҚ

 2023 жылы Германиядағы тұтынушылар үшін газ ақысы 112%-ға, электр энергиясының ақысы 44%-ға өседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

0d502e48371d4aad991e4242fccdeed1

Мұндай ақпаратты Handelsblatt басылымы Verivox компаниясы ұсынған мәліметке сүйене отырып жариялады.

Жылдық газ тұтынуы 20 000 киловатт-сағат болатын отбасы үшін төлем орташа есеппен 2 756 еуро болады. Бұл 2021 жылғы күзбен салыстырғанда 1 457 еуроға немесе 112%-ға көп.

Жылына шамамен 4000 киловатт-сағат электр энергиясын тұтынатын отбасы 1764 еуро төлеуі тиіс болады.

Қарашаның 26-сы күні Германия канцлері Олаф Шольц немістерге қаңтардан бастап энергияға тарифтерді шектеу енгізілетініне уәде берді, бұл халыққа "жаңа қиындықтарды жеңуге" мүмкіндік береді. Баға шектеуі шағын және орта бизнеске, сондай-ақ жеке үй шаруашылықтарына әсер етпек.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале