9.08.2022, 13:00
Оқылды: 80

Google жұмысында ақау шықты

Дүниежүзінде мыңдаған пайдаланушы Google іздеу жүйесіндегі ақауға шағымданды. Бұған танымал интернет-ресурстарының істен шығуы мен үзілісін бақылайтын Downdetector сайтының деректері дәлел, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

1

Портал мәліметінше, іздеу жүйесіндегі ақау туралы 40 мыңнан аса жағдай тіркелген.

Еуропада, АҚШ-та, Аустралияда, Ресейде және басқа да елдерде тұратын азаматтар жүйедегі ақауды байқаған. Проблемалар Нұр-Сұлтан уақыты бойынша таңғы 7-де басталған. Көпшілігі іздеу жүйесі жұмыс істемейтініне, 18 пайызы веб-сайт жұмысындағы ақауларға шағымданған.

Бұған дейін Google хакерлік шабуылдарға осалдығына байланысты Chrome браузеріне шұғыл жаңарту шығарған болатын.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале