Бүгін Оралда Халықаралық шахмат күніне арналған шеберлік сағаты және бір мезгілдік ойын сеансы басталды.
Халықаралық шахмат күніне орай өтіп жатқан шараға жерлесіміз, халықаралық гроссмейстер Мұртас Кажгалеев және жылдам шахматтан қыздар арасында әлем чемпионы, жас шахматшы, орынборлық Анна Шухман қатысуда.
- Шахматтың балаларға өте пайдалы екені анық. Баланың ақыл-ойына оң ықпал етеді. Бала логикасының дамуына әсер ететін бірден-бір ойын. Халықпен кездесу барысында, әсіресе аудан тұрғындары әр мектептен шахмат үйірмесін ашуды ұсынды. Облыстық шахмат федерациясымен бірге шахмат ойынын дамытудың стратегиясын дайындап жатырмыз, - деген облыс әкімі Ғали Есқалиев, барша қатысушыларды Халықаралық шахмат күнімен құттықтады.
- Бүгін - Халықаралық шахмат күні аталып өтілуде. Балаларға шеберлік сағатын өткізіп, бірге ойнаймыз. Шахматтың қыр-сырын, өзімнің тәжірибеммен бөлісемін. Әлемнің мықты гроссмейстерлері Магнус Карлсен, Гарри Каспарев, Анатолий Каровтың тәсілдерін көрсетеміз. Сұрақтарға жауап береміз. Өзім 8 жастан шахмат ойнап бастадым. Облыстық спорт мектебінің жаттықтырушысы Александр Володиннен тәлім алдым, - деді М.Кажгалеев.
Дәл қазір Орал қаласындағы оқушылар және жастар сарайында Мұртас Кажгалеев пен Анна Шухман батысқазақстандық жас шахматшыларға шеберлік сағатын өткізуде.
Динара Насыр,
zhaikpress.kz