30.01.2024, 13:00
Оқылды: 44

«Грузин жігітіне тұрмысқа шықтым». Қазақстанда 16 жыл болмаған танымал актриса жеке өмірі туралы айтты

"Көшпенділер" фильмімен танылған актриса Аянат Есмағамбетова Динара Сатжанға берген сұхбатында жеке өмірі туралы айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

74908e2e-d99b-472d-97e5-8da6f603a3a7

Фото: видеодан кадр

Аянат Есмағамбетова грузин кәсіпкерімен шаңырақ көтерген, қазір 3 баласы бар.

"Негізі, менің өмірім қызықты сәттерге толы болды. Өкінішке қарай, мен туған жерімде 16 жыл болмадым, бірақ бұл керемет уақыт болды. Ең маңыздысы, мен отбасы құрдым, ана атандым, қазір үш ерекше балам бар. Сондай-ақ, түрлі кино жобаларда, сән саласында, шығармашылықта көп жұмыс істедім.

Өмірім қызық оқиғаға ұқсас болды. Мен АҚШ-та тек бір ай оқимын деп жоспарладым, Нью-Йорктегі жетекші академияның театр студиясында оқыдым, осылай сол елде қалып қойдым. Бұл тағдыр деп ойлаймын, мен тағдырға сенемін. Менің қаржы, кино секілді бірнеше білімім бар. Жолдасым да өте қызық тұлға. Ол музыкамен де айналысады, ал қазір кино саласында бірге жұмыс істеп жүрміз. Мен онымен Америкада таныстым, некеміз Грузияда тіркелді. Біздің үйлену тойымызға Грузия президенті Саломе Зурабишвили қатысты", - дейді ол.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале