"Рустави 2" телеарнасының хабарлауынша, банкте 10 шақты адам болған. Олар әлі ғимаратта.
Грузия Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, шабуыл туралы хабар түскен бойда полиция оқиға болған жерді дереу қоршауға алды.
Оқиға орнына жұмылдырылған тәртіп сақшылары барлық қажет және шұғыл шараны қабылдап жатыр. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Грузия ІІМ-нен.
Ішкі істер министрлігі БАҚ өкілдерін қауіпсіздік ережелерін сақтауға және полицияның нұсқауларын сол жерде орындауға шақырды.