20.09.2022, 16:45
Оқылды: 108

Грузияда қарулы адам банкке келушілерді кепілге алды

 20 қыркүйекте, яғни бүгін Кутаисидегі Руставели көшесінде Грузия банкіне басып кірген қарулы қарақшыны ұстау бойынша арнайы операция жүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

fa41ae8411ea4bcb8c9af27dd1884965

"Рустави 2" телеарнасының хабарлауынша, банкте 10 шақты адам болған. Олар әлі ғимаратта.

Грузия Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, шабуыл туралы хабар түскен бойда полиция оқиға болған жерді дереу қоршауға алды.

 Оқиға орнына жұмылдырылған тәртіп сақшылары барлық қажет және шұғыл шараны қабылдап жатыр. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады Грузия ІІМ-нен.

Ішкі істер министрлігі БАҚ өкілдерін қауіпсіздік ережелерін сақтауға және полицияның нұсқауларын сол жерде орындауға шақырды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале