13.05.2021, 12:17
Оқылды: 208

Гүлмираға қолұшын созайық, ағайын!

 «Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің» дейді атам қазақ. 11 жылдан астам уақыт бойы мүгедектердің құқықтарын қорғау және заңды мүдделерін ілгерілету саласында жұмыс істеп келе жатырған кең жүректі волонтер, "Арба" тірек-қимыл аппаратының функциялары бұзылған адамдар қоғамдық қозғалысының жетекшісі Гүлмира Батпакулова қатерлі дертке шалдықты.

арба

Ол осы сәттен бастап өмірдің әр күні, әр сағаты, әр минуты үшін күрес бастады. Уақыт бәрін ұмыттырып, емдеуге көмектесетін ең жақсы дос болғанымен Гүлмираның өмірінің қымбат минуттарын қысқартып жатқан зұлым жау бой берер емес.

Ол ешқашан өзі үшін көмек сұраған емес. Бірақ қазіргі уақытта ауыр дертті басқалай жеңудің амалы болмай тұр.

Қазіргі таңда Гүлмираны емдеуге әзір клиника Түркия елінен табылып отыр. Аталмыш емдеу орны органдарды сақтай отырып, операциялық емдеуді және сәтті нәтиже кепілдігін ұсынады.

Емдік шараны бастау үшін Гүлмираға 18 000 доллар шот қойылды. Оған қоса жол, тұру шығындарын есептегенде 10 миллион теңге болады.

Бүгінде жанашыр жандардың арқасында 2 миллион қаражат жиналды. Сол себепті Сіз бен біз болып қалған 8 миллион қаржыны жинауға атсалысайық, ағайын!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале