11.06.2024, 10:30
Оқылды: 27

Ғылым академиясына 300 жыл толды

Жақында Ресей Ғылым академиясының құрылғанына 300 жыл толуына орай Мәскеу қаласында алқалы жиын өтті. Бұл ауқымды іс-шараға Қазақстан тарапынан ҚР Ұлттық инженерлік академиясының президенті, Қазақстан математиктер қауымдастығының президенті, танымал ғалым, академик Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлы қатысты.

AD250FF0-975E-43E7-82F1-81E53104680A

Ресей ғылымының қа­зіргі қаймағын жиған басқосуға белгілі өндіріс командирле­рі, мемлекеттік құрылымдар мен ұлттық мекеме-кәсіпорындардың басшылары қатысты.

1724 жылы І Петр­дің ұйғарымымен ұйымдас­ты­рылған  аталмыш ғылым ордасы бү­гін­дері әлемдік ғы­лымның дамуына айтулы ық­палы бар аса көрнекті ға­лымдардың басын қосқан әлемдік деңгей­дегі ірі ғылы­ми орталық­қа айналды. Ре­сей Федерация­сы Қауіпсіздік кеңесі төраға­сының орынбасары Д. А. Мед­ведевтің құттықтау сөзінен кейін негізгі баяндаманы Ресей Ғылым академиясының президенті, академик Г.Я.Красников жасады.

Жарыссөзге шыққан Ресей Ғылым академиясының бас ғылыми хатшысы, академик М.В.Дубина және де басқа жиынға қатысушылар әлем­нің ғылымды дамытуға қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Әлкеш Қалқаман

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале