20.04.2021, 14:21
Оқылды: 126

«Идеологиялық вирустар»

Қазіргі таңда Батыс елдерінің теріс идеологиялық технологияларымен күресу әлдеқайда қиын және ол көзге көрінбегендіктен, едәуір басым күші бар екенін мойындауға тиістіміз. Кезінде Америка Құрама Штаттарының ЦРУ-н басқарған Аллен Даллестің (1893-1969) Кеңестер Одағын ыдырату жөніндегі доктринасы бар еді. Содан үзінді келтірейін:

«…Әдебиет, театр, кино, бәрі адамның ең нашар қасиеттерін бейнелейді және дәріптейді. Біз адамның сана-сезіміне зорлық-зомбылық, сатқындық, бір сөзбен айтқанда, рухани құлдыраушылықты дәріптейтін шығармашылық адамдарын көбірек қолдаймыз және қолпаштаймыз. Мемлекетті басқару ісінде түйткілді мәселелерді көбейтеміз… Біз өзімшіл чиновниктерді, парақорларды, принципсіз адамдар  қатарын молайтамыз.

…Ұлтсыздық, өтірік пен өсек, азғындық пен нашақорлық, бір-біріне үреймен қарау, сатқындық, ұлтшылдық, ұлтаралық араздық, оның ішінде басқа халыққа деген өшпенділік уытын байқатпай, оңтайлы түрде санаға ендіре береміз. Бұл осылай қанатын кең жая береді».

жумагулов

Толығырақ облыстық «Орал өңірі» газетінің 2021 жылғы 20 сәуір күнгі №31 санынан ҰҒА академигі, сенатор Бақытжан Жұмағұловтың «Идеологиялық вирустар» атты мақаласынан оқи аласыздар!

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале