Бүгінгі таңда Қазақстанда «Игі істер» марафоны өтіп жатыр. Бұл қоғам өмірін жақсартуға үлес қосып жүрген қазақстандықтарды біріктіріп, ізгілікке үндейтін дәстүрлі ұлттық жоба.
9-14 шілде аралығында «Игі істер» марафоны аясында «Экология» апталығы өтті. Осы кезеңде qazvolunteer.kz сайтының «Мейірімділік көрсеткіші» тетігінде 525 игі іс тіркелді, оның ішінде 200 іс-шараны волонтерлердің өңірлік фронт-офистері мен волонтерлік қоғамдастықтары бірлесіп өткізсе, 325 игі іс қазақстандық белсенді волонтерлердің бастамасымен жүзеге асты. Экоапталыққа барлығы 6 мыңға жуық адам қатысты. Бұл жөнінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Фото: министрліктен
Мәселен, елордада волонтерлер Президент саябағын қоқыстан тазартса, Қызылорда облысында су айдындарын тазарту бойынша «Таза су қоймалары» акциясы болды және Қостанай облысында экологиялық плогинг өтті.
Айта кетейік, Қазақстанда марафон жалғасып жатыр.
Марафонға қатысу үшін толық ақпарат пен нұсқаулықты «Qazvolunteer.kz» сайтынан және @kz_nvs, @qazvolunteer.kz әлеуметтік желілерінен алуға болады.