13.08.2024, 10:15
Оқылды: 79

«Игі істер» марафоны: екінші аптада 120-дан астам ic-шара өтеді

12-18 тамыз аралығында Жастар күніне орай «Игі істер» марафоны жобасының екінші апталығы басталды. Бұл қайырымдылық және волонтерлік мәдениетті дамытуға бағытталған дәстүрлі жалпыұлттық жоба, деп жазды ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.

FC548C47-0617-4A25-B5CF-DA08345997D6

Сурет: pixabay.com

Аталған апталық аясында республика бойынша 120-дан астам әртүрлі форматтағы іс-шаралар жоспарлануда.

Мысалы, Қостанай облысында жастарға арналған әлеуметтік жобаларды дайындау бойынша тренинг ұйымдастырылады. Маңғыстау облысында кәсіпорындағы жас мамандарға арналған «№7 спикер» конференциясы, ал Түркістан облысында «Ел ертеңі жалынды жастар» атты жастармен кездесу өтеді.

Бүгінгі таңда еліміздің 10,5 мыңға жуық белсенді азаматтары марафон аясында 1000-нан астам игі істер жасады.

Марафон 2024 жылғы 1 желтоқсанға дейін жалғасатынын естеріңізге сала кетейік.

Жоба туралы толық ақпаратты www.qazvolunteer.kz. сайтынан алуға болады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале