14.04.2023, 16:59
Оқылды: 61

ІІМ-де ішкі істер органдарындағы басым міндеттер мен жүйеішілік өзгерістер талқыланды

ІІМ-де орталық аппараттың барлық қызметтері, аумақтық полиция департаменттері мен қылмыстық-атқару жүйесі, сондай-ақ ведомстволық оқу орындары басшыларының қатысуымен кеңейтілген алқа отырысы өтті. Бейнеконференцбайланыс арқылы өңірлік бөлімшелердің жеке құрамы да қосылды.Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі хабарлады.

4085e06adc11686192913de49b5127e1_1280x720

Кездесуде тоқсандағы жұмыстың қорытындысы шығарылды, басым міндеттер белгіленді, әр бағыттағы жетістіктер атап өтілді, олқылықтар мен кемшіліктер талданды. Отырыстың негізгі тақырыбы ІІО-дағы жүйеішілік өзгерістер болды.

Шара барысында кадрлық процестерді автоматтандыру және полиция қызметін цифрландыру нәтижелері, қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелері қаралды. Тұрмыстағы құқық бұзушылықтардың алдын алу бөлек талданды.

– Қылмыстың алдын алудың толыққанды жүйесін қалыптастыру қажет. Олардың орындалуына ықпал ететін себептер мен жағдайларды болдырмау бойынша жұмыс жүргізу маңызды. Бұл – проблемаға бағытталған тәсіл. Алдын алу жұмыстары мемлекеттік органдардың, әкімдіктердің, жұртшылық пен халықтың ортақ жауапкершілігі негізінде құрылуы тиіс. Аталмыш қағидаттар Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен әріптестікте қамтамасыз ету тұжырымдамасының негізі болып табылады, – деп атап өтті Марат Ахметжанов.

Жұмыстың негізгі бағыты – ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл. Ағымдағы жылы ұйымдасқан қылмыстық топтардың 11 көшбасшы, 7 беделдісі, 66 мүшесі жауапқа тартылды. Қоғамның өзекті проблемаларының бірі ретінде есірткі қылмысына қарсы іс-қимылға, киберқылмыс пен “телефон терроризміне” қарсы күреске ерекше назар аударылды.

Қылмыстық істерді тергеудің жеделдігі мен сапасын арттырып, азаматтардың құқықтарының бұзылуын болдырмау үшін қылмыстық процесті оңтайландыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бейнеформаты енгізілуде. Бұл – “полиция хаттамасын” енгізуге қадам. Сондықтан жеке құрамды тергеу әрекеттерін жүргізудің жаңа ережелеріне үйрету тапсырылды.

Министр қазір адамдармен жұмыс істеуге, қызметкерлерді дамытуға және ынталандыруға, олардың құқықтарын қорғауға, меритократия қағидатына және моральдық-психологиялық ахуалды арттыруға баса назар аударылатынын атап өтті.

Өткен жылдың шілде айынан бастап кезекті шендерді алу үшін арнайы ұсынымдар қажет емес. Мерзімі жеткенде бұйрық автоматты түрде шығарылады. Осы формат бойынша 13 мыңнан астам қызметкер шен алды. Қызметкерлердің демалыс кестесінің орындалуы ақпараттық жүйемен бақыланады. Жеке құрамды марапаттау саясаты өзгерді. Өткен жылы министрдің құқығымен 17 мыңнан астам қызметкер марапатталды, оның 77%-ы орындаушы құрам.

Алқа отырысында басқа да көптеген мәселелер қаралды, аумақтық бөлімшелер басшыларының есептері тыңдалды, басым бағыттар айқындалды.

Соңында Марат Ахметжанов министрлік алқасында көтерілген мәселелерді шешу бойынша департаменттер мен бейінді қызмет бастықтарына нақты тапсырмалар берді.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале