Соңғы жылдары балалар да, ересектер де қолданатын көлік құралдарының түрі артып келеді. Оған электрлі самокаттар мен гироскутерлер жатады. Аталған көлік құралдарын пайдаланушылар да жол қозғалысының қатысушылары болып саналады, - деп хабарлайды Polisia.kz сайтының тілшісі.
Электрлі самокат – екі немесе үш доңғалағы бар жеке көлік түрі. Орындықтары жоқ бұл құрылғы тек бір адамның қозғалысына арналған. Максималды жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспайды.
Оның алдыңғы, бүйірлік және артқы жарық шағылыстырғыштары болуы шарт. Сондай-ақ электрлі самокаттарда алдыңғы фаралар мен артқы шамдар болуы керек. Айналадағы адамдарға өзінің жақындағаны туралы ескерту жасау үшін көліктің бұл түрінде дыбыстық құрылғы болуы маңызды.
Полицейлер электрлі самокатты басқару кезінде сақталуы тиіс қауіпсіздік шараларын еске салды:
– Электрлі самокатты үнемі техникалық тексеруден өткізіп тұру керек. Жолда сақ болыңыздар, - деді ІІМ-де.
zhaikpress.kz