20.10.2022, 11:03
Оқылды: 117

IKOMEK 109 тәулік бойы қызмет етеді

IKOMEK 109 – халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мәселелері жөнінде анықтамалық ақпараттық қызмет көрсететін бірыңғай байланыс орталығы.

4

Ситуациялық орталыққа қала тұрғындары кез келген сала бойынша, атап айтқанда, анықтамалық ақпарат алудан бастап, тұрғын үй қатынастары, денсаулық сақтау, білім беру, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау, сауда, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, ветеринария және коммуналдық мәселелер төңірегінде мазалаған сауалдарымен хабарласа алады. IKOMEK 109 жүйесінде барлық қоңырау автоматты түрде жазылады және тіркеледі. Бірыңғай байланыс орталығына сайлау учаскесін анықтау мақсатында да хабарласуға болады. Операторлар жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы сайлау учаскесінің мекенжайын анықтап береді. Сайлау учаскесінің нөмірін тек қоңырау шалып қана емес, 109 желісінің сайт, телеграмм, ватсап, фейсбугіне өтініш жазып, оператордың кері байланыс жауабы арқылы білуге болады. Колл-орталықтың 109 нөміріне Орал қаласының тұрғындары ғана емес, Батыс Қазақстан облысының халқы кезкелген уақытта хабарласа алады. Қалалық ұялы телефондардан қоңырау шалу тегін. Ситуациялық орталық тәулік бойы қызмет көрсетеді.

Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале