Кәсіпкер компанияның 19,5 миллион акциясын шамамен 4 миллиард долларға бағалады. Бұл туралы АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясының құжатында айтылған.
Осыдан біраз уақыт бұрын Масктың байлығы Tesla акцияларының ауытқуына байланысты 200 миллиард доллар белгісінен төмен түскені белгілі болды. Forbes рейтингінің деректеріне қарағанда, бұл кәсіпкердің Twitter-ді сатып алуымен байланысты.
Daily Mail басылымы Масктың таза байлығы 197,4 миллиард долларды құрайтынын хабарлады. Айта кетерлігі, бұл байлықтың басым бөлігі Tesla компаниясының 15 пайызға жуық үлесіне тиесілі, қазір оның нарықтық құны 622 миллиард долларды құрайды.