31.03.2021, 18:16
Оқылды: 15

Инактивтендірілген вакцина платформасы көпшілікке танымал және қауіпсіз болып табылады

QazCovid-in қазақстандық вакцинасын әзірлеу технологиясының тиімділігін уақыт көрсетіп отыр. Өйткені вакцинаның барлық компоненті сенімді, яғни басқа вакциналарды әзірлеу кезінде пайдаланылып, жақсы нәтиже көрсеткен.

вккк

Инактивтендірілген вакцина платформасы көпшілікке танымал және қауіпсіз болып табылады. Азаматтардың көбі бұл вакцина құрамындағы барлық компонентті бұрын-соңды басқа да вакциналар арқылы алған. Пайдаланылған жалғыз жаңа компонент – олинактивтендірілген вирус.

Инактивтендірілген вакцина дәстүрлі болып саналады, ол басқа вакциналарға қарағанда тиімді әрі қауіпсіз. Вакцина ауруға шалдығып, кейін емделіп шыққан науқас адамдағы сияқты күшті иммунитет қалыптастырады.

Инактивтендірілген вакцинаны дайындау барысында қолданылып жатқан компоненттер жылдар бойы өз тиімділігін дәлелдеп келеді. Сондықтан ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты QazCovid-in вакцинасын әзірлеу үшін вакцинаның белсенділігі жойылған түрін таңдады.

zhaikpress.kz

Сурет Liter.kz сайтынан алынды

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале