Индонезияның шығыс бөлігіндегі Банда теңіз айдынында 6,1 балдық жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Volcano Discovery сайтына сілтеме жасап.
АҚШ Геология қызметі (USGS) мәліметі бойынша жер сілкінісі Сиболга қаласынан 286,4 шақырым жерде болған. Жер сілкінісі ошағы 15,3 шақырым тереңдікте байқалған.
Эпицентрдегі толқындарға сәйкес, сейсмологтар бұл апатты "жойқын" деп бағалаған.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер мен қирандылар туралы ақпарат түспеді. Жер сілкінісінен кейін цунами қаупі жарияланған жоқ.