24.08.2022, 9:15
Оқылды: 38

Индонезияда 6,5 балдық жер сілкінісі болды

Индонезияның батысындағы Бенгкулу провинциясында магнитудасы 6,5 балға жететін жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Синьхуа ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

220801071319737e

Индонезияның метеорология, климатология және геофизика агенттігінің хабарлауынша, жер сілкінісі Джакарта уақытымен сағат 21:31-де болған.

Зілзала ошағы Каур ауданынан оңтүстік-батысқа қарай 64 шақырым жерде орналасқан. Гипоцентрі теңіз түбінің 12 км тереңдігінде тіркелген.

Цунами туралы хабарлама болмаған.

Фото: www.aa.com.tr

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале