6.12.2021, 17:50
Оқылды: 60

Индонезияда жанартау атқылауынан қаза тапқандар саны 13-ке жетті

Ява аралындағы Семеру жанартауының атқылауы салдарынан қаза тапқандар саны 13 адамға жетті. Бұл туралы жексенбі күні Лумаджанг округі үкіметі басшысының орынбасары Инда Ампервати мәлім етті.

d77d2205dce1ac160730e35e4ae0c64b_resize_w_742_h_365

«Бүгін тағы 12 адамның мәйіті табылды», - деді шенеунік. Сенбі күні бір жергілікті тұрғынның қаза тапқаны расталды.

«Құтқарушылар іздеу жұмыстарын жалғастыруда», - деп атап өтті округ басшысының орынбасары.

Бұған дейін ыстық лаваның төгілуінен күйік шалған бірнеше ондаған адам ауруханаға түсті. Басылым жазғандай, жергілікті тұрғындар ерте хабарлау жүйесі жұмыс істемегендіктен, көбі үйлерінен шығып үлгермей, салдарынан құм, лай және күлге батқан.

Семеру жанартауының белсенділігінің артуы сенбі күні сағат 15:20 шамасында тіркелді. Семеру – Ява аралындағы ең биік шың, оның алдындағы атқылау осы жылдың қаңтарында болған, ол кезде жергілікті тұрғындардың ешқайсысы зардап шекпеген еді.

NEGE. 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале