24.01.2023, 16:00
Оқылды: 19

Ине жұтып қойған: Таразда дәрігерлер үш жасар баланы өлімнен арашалап қалды

Таразда дәрігерлер ине жұтып қойған үш жасар баланың өмірін аман алып қалды. Рентген нәтижелеріне сәйкес бүлдіршін төрт инеден бөлек жүгірткі (бегунок) жұтып қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

2

Бүлдіршіннің анасы ұлының ине жұтып қойғанын айтып, балалар ауруханасының қабылдау бөліміне келген.  Кейін дәрігерлер іш қуысын шолу рентгенограммасы арқылы тексеріс жүргізген. Онда асқазанның проекциясынан болжаммен жүгірткі мен екі тігін инесі табылған.

“ЭФГДС процедурасы кезінде асқазаннан бір ине алынды. Бірақ жүгірткі қалды. Бала Жамбыл облыстық көпсалалы балалар ауруханасының хирургия бөлімінде мамандардың бақылауында қалды", – деді балалар ауруханасының дәрігерлері.

Кейін жүгірткі табиғи жолмен шыққан. Алайда ол кезде баланың ішінде тағы бір ине қалған болатын.

"Кейінірек құрсақ қуысының бақылау R-граммасында құрсақ қуысының жоғарғы сатысынан тағы екі ине және жамбас проекциясынан бір ине табылды. Қайта ЭФГДС жасалып, ине асқазаннан алынды. Кейін колоноскопия арқылы сигма тәрізді ішекке бекітілген тағы бір ине алынды", – дейді жоғары санатты хирург Сейдахмет Чинибеков.

Алайда бұдан кейін баланы бақылау кезінде құрсақ қуысының R-граммасында жамбас проекциясынан төртінші ине де табылған. Кері колоноскопия жасалып, соңғы ине сигма тәрізді ішектен ішектің шырышты қабығы тұсынан алынды. Қазіргі уақытта бала қанағаттанарлық жағдайда үйге шығарылған.

Дәрігерлердің сөзінше, тыныс алу жүйесі мен асқазан-ішек жолдарына бөгде заттардың түсуі балалар мен ересектер арасында жиі кездеседі. Сондықтан көбіне мұндай жағдайда білікті медициналық көмекті қажет.

Дәрігерлер баланың асқазан-ішек жолында төрт иненің жылжуы 8 күн ішінде болғанын айтады. Олар денедегі қауіпті заттарды хирургиялық емдеуге жүгінбестен заманауи эндоскопиялық қондырғылар арқылы алып тастады.

"Кез келген аурудың ең жақсы емі – оның алдын алу. Ата-аналар баланың қандай да бір ұсақ-түйек заттарды жұтып қоймауын қадағалауы керек", – деп қосты педиатр Мәулім Кенжалы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале