Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, келесі жылдың соңына қарай инфляцияның өсімі екі есеге дейін төмендеуі мүмкін.
«Бюджетте көрсетілген болжам бойынша, инфляция 7,5%-дан 9,5%-ға дейін төмендеуі мүмкін. 2023 жылдың қорытындысы бойынша осындай көрсеткішке қол жеткізетін болсақ, онда бұны үлкен жетістік деп санауға болады», деп толықтырды Премьер-Министрдің орынбасары.