18.11.2022, 9:15
Оқылды: 60

Инфляция екі есе төмендейді - министрлік болжам жасады

 Премьер-Министрдің орынбасары - Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстандағы инфляция өсіміне болжам жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

2022_11_17_191218172724328e

«Биыл инфляция 18,8% құрайды. Бұл соңғы 10-15 жылда болмаған жоғары көрсеткіш. Елдегі қымбатшылықтың себебі де осында. Осы жылдың соңында, келесі жылдың басында бізде инфляцияның күрт төмендеуі байқалады деп үміттенеміз. Инфляцияның шыңы 20% деңгейіне жетіп, кейін құлдырайды», деп сендірді министр.

Ерұлан Жамаубаевтың айтуынша, келесі жылдың соңына қарай инфляцияның өсімі екі есеге дейін төмендеуі мүмкін.

«Бюджетте көрсетілген болжам бойынша, инфляция 7,5%-дан 9,5%-ға дейін төмендеуі мүмкін. 2023 жылдың қорытындысы бойынша осындай көрсеткішке қол жеткізетін болсақ, онда бұны үлкен жетістік деп санауға болады», деп толықтырды Премьер-Министрдің орынбасары.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале