16.11.2022, 16:45
Оқылды: 57

Иранда футболдан ұлттық құрама тарихындағы Роналдудан кейінгі бомбардир Али Даеи өлім жазасына кесілді

Иран билігі футболдан ұлттық құраманың бұрынғы шабуылшысы Али Даеиді өлім жазасына кесті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

8

Даңқты футболшы 22 жастағы Махса Аминидің өліміне байланысты наразылық акцияларына қатысқан. Қамауға алынғаннан кейін ол қыз бостандыққа шықпастан қаза тапқан.

Қыркүйек айының соңында Әли Иран үкіметін "қуғын-сүргін, зорлық-зомбылық және қамауға алуды жалғастырудың орнына Иран халқының мәселелерін шешуге" шақырған. Осы жазбасы Instagram желісінде жарияланғаннан кейін оның төлқұжаты тәркіленгені айтылады.

Айта кетейік, 14 қарашада Әли Instagram желісінде ФИФА-ның Катардағы әлем чемпионатына шақырудан бас тартқанын жазған жазбасын жариялаған. Даеи "осындай қиын сәтте отаныммен бірге боламын" деп жазған.

Криштиану Роналду оның рекордын жаңартқанға дейін Даеи ұлттық құрама тарихындағы ең үздік бомбардир болды. Ирандық шабуылшы ұлттық құрама сапында 149 матч өткізіп, 109 гол соққан.

Ол Еуропада "Бавария", "Герта Берлин" және "Арминия" секілді командалардың сапында доп тепкен.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале