21.05.2024, 9:15
Оқылды: 60

Ірі компаниялар БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендерге тұрғын үй салуға және сатып алуға көмек көрсетеді

Вице-премьер Қанат Бозымбаев, «Astana Group» негізін қалаушысы және төрағасы Нұрлан Смағұлов, «Банк ЦентрКредит» директорлар кеңесінің төрағасы Бақытбек Байсейітов, «Jusan Bank» директорлар кеңесінің төрағасы және акционері Ғалымжан Есенов, «ҚазАзот» директорлар кеңесінің мүшесі Рүстем Аязбаев, «Qazaq Stroy» құрылтайшысы Нұрлан Артықбаев және «Alageum Electric» директорлар кеңесінің төрағасы Еркебұлан Ілиясов Батыс Қазақстан облысында болды. 

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі жазды.

img-4289

Олар Орал қаласының су басқан саяжай массивтерін аралап, су тасқынынан зардап шеккендерге арналған үйлер салынып жатқан Теректі ауданының Подстепное ауылына барды, сондай-ақ эвакуациялық пункттегі жергілікті тұрғындармен кездесті.

Өңірдегі су тасқыны жағдайы айтарлықтай тұрақтанды. 8,5 мыңнан астам адам үйіне оралды. Комиссия үйлерді тексеруді және залалды бағалап жатыр. Алдын ала мәліметтер бойынша, 466 ЖТҚ және жалғыз тұрғын үй болып табылатын 2,5 мыңнан астам саяжай үйі жөндеуге келмейді.

img-5620_1

Қанат Бозымбаев үйлер мен саяжайларды бағалау мен техникалық тексеруді айдың соңына дейін аяқтауды тапсырды.

Сырым, Қаратөбе, Теректі, Бөрлі және Бәйтерек аудандарында 357 үйдің құрылысы басталды. Әкімдік мердігерлік ұйымдарды анықтады. Үйлер тамыз айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. Сырым ауданында жалпы сомасы 3,2 млрд теңгеге 114 үйдің құрылысын «Қазақстан халқына» қоры қаржыландырады. 75 үйді жергілікті жер қойнауын пайдаланушы компаниялар салады: «Жайықмұнай», «Конденсат» және «АқсайГазСервис». Тағы 71 тұрғын үйді «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясы «Ақжайық» қоры арқылы салады.

img-5624

Жалғыз баспанасынан айырылған саяжай тұрғындарының мәселесіне ерекше назар аударылды.

«Қала әкімдігіне жаз біткенше саяжай тұрғындарына арнап тұрғын үй салу немесе сатып алу тапсырылды. Айта кетейік, бұрынғы жерде үйлер салынбайды. Ойпатты жерлерде ЖТҚ салуға тыйым салынады», — деді Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев.

img-5626

Қанат Бозымбаев жүргізіліп жатқан жұмыстарды жеделдетуді тапсырды.

«Өңірге көрсетілетін көмекті ескере отырып, зардап шеккен әрбір отбасын қолдау шараларымен дереу және артық әуре-сарсаңсыз қамтып, барлық тиісті төлемдерді жүзеге асырып, тұрғын үй құрылысын бастауға кірісу қажет», — деп тапсырды Қанат Бозымбаев облыс әкімдігінде өткен кеңес барысында.

Сондай-ақ кеңесте мемлекет тарапынан қаржылай қолдау көрсету мәселесі қаралды.

Фото: primeminister.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале