14.08.2023, 17:00
Оқылды: 117

Исатай тек батыр ғана емес, шешен де болған

 

Біле жүріңіз!

Исатай Тайманұлы кім дегенде жалпы қазақтың бір ауыздан «қазақ батыры, халық көсемі», - деп жауап беретіні белгілі. Бұл халықтың Исатайды мақтауы емес, керісінше Исатайға табынуы еді. Исатайдың шешендігі мен көсемдігі туралы ел іші әңгімелері өте көп. Әсіресе халық арасында көп тараған мына бір әңгіме бүгінге дейін еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін естіп жүр.

жп орда

Әңгіме: «Жәңгір өзінің таққа отыру күнін тойлайды. Тойда аламан бәйге оздырылады. Оған Тәжі деген жігіт атын қосады. Бәйгеде Тәжінің аты бірінші, Жәңгірдің аты екінші келеді. Жарысқа төрелік жасаған Шомбал би кедей жігітке «атың ортадан қосылды» деп жала жауып, бәйгені Жәңгірге беріп, көз өттік жасайды. Жұрттың шуылдасқанына құлақ аспайды».

Сағы сынған Тәжі «Тілің жүйрік шешен едің, сөз жүйесін тауып бәйгемді алып бер», - деп Орданың Қадырбай ақынына шағым айтады. Сонда Қадырбай ақын «Бәйге сыйлығын алып беруге менің шамам келмейді, хан алдында тілім қысқа. Мұны Исатайға төрелет. Ол бәйгеңді «Хан берсе қолынан, бермесе жолынан» дегенге, басып алып береді», - деп ақыл қосады.

Тәжі енді Исатайға келеді, сонда батыр «Өтінішіңді айтып ханға бара бер, мен де артыңнан жетемін», - дейді. Тәжі ханға өтініш білдіріп, той басшылары бәйгемді бермей қойды соған төрелік етіңіз дейді. Жәңгір болса оған менің әсірім жүрмейді деп қулыққа басады. Сонда Исатай батыр «Хан Жәңгір «Орамал тон емес, жол деген, халық сөзі қайда? Мына пахырды алақанын жайдырмай, озып келген атының бәйгесін бергіз», - дейді. Сонда Жәңгір «Маған орынсыз тиісе беруіңді қоймадың-ау, анау төбенің бауырында екі жүз нар тайлақ байлаулы жатыр, содан тиесіліңді ал да шешіп бер», - дейді.

Сонда Исатай батыр: «Маған сенің екі жүз нар тайлағыңның есебі қажет емес. Халық алдындағы сенің әділеттілігің қажет», - деп, бұрылып жүре беріпті. Неткен кемеңгерлік десеңізші!

 

Зулхожа Шарафутдинов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале