Астана қаласындағы Медиация дамыту орталығында арнайы курстан өтіп, кәсіби медиатор сертификатын алып қайтқан Бақытгүл Қазмағамбетова Орал қалалық ІІБ ғимаратынан медиатор кабинетін ашты.
Батыс Қазақстан облыстық қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Мирамбек Нағашыбаев, Орал қ.ІІБ бастығы полиция подполковнигі Мерлан Айкенов, Орал қаласы прокурорының міндетін атқарушы Ерлан Сарсенов, «Медиаторларды жетілдіру орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің кәсіби медиаторы Бақытгүл Қазмағамбетова «Бітімгершілік процедурасының дамуы саласы бойынша ынтымақтастық туралы» меморандумға қол қойды.
Тараптар дауды шешудің балама тәсілдерін қолданудың оң тәжірибелерімен алмасып, медиация қызметіне жүгінген тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізбек.
Гүламан Исмагулова,
Орал қ. ІІБ баспасөз қызметкері