28.09.2021, 16:22
Оқылды: 65

Испанияда жанартаудан атқылаған лава 600-ге жуық ғимаратты қиратты

Испанияның Пальма аралында (Канар аралдарының автономды қауымдастығы) жанартаудан атқылаған лава ағындары қазірдің өзінде 600-ге жуық ғимаратты қиратты. Бұл туралы сейсенбіде Канар аралдарының Вулканологиялық институты өздерінің Twitter парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 и

«589 ғимарат қирады, 258 га аумақты лава ағындары жауып қалды, 21 км жол бүлінді», - делінген хабарламада. 19 қыркүйекте Эль-Пасо елді мекені аумағында Пальмада жанартау атқылай бастаған.

Қауіпсіздік мақсатында 6 мыңнан астам адам эвакуацияланды. Әзірге ешкім зардап шеккен жоқ.

Қазір билік лава ағындарының Пальма жағалауына жетуін күтуде. Әзірге ол жағалаудан 800-ден 1000 метрге дейінгі қашықтықта. Жергілікті телеарналар кадрларынан лава ағындарының мұхитқа қарай қалай баяу қозғалып бара жатқанын көруге болады. Жанартау кратерінен аса үлкен түтін бағанасы көтерілуде.

inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале