Испанияның Ла-Пальма аралындағы Кумбра-Вьеха жанартауының атқылауы кезінде таудан құлаған ыстық шоқтан 100-ге жуық үй бүлінді, деп жазды «Хабар 24».
Апат ауданынан 5500-ден аса тұрғын дер кезінде қауіпсіз жерге көшірілгендіктен ешкім жапа шекпеген.
Айта кетейік, жанартау соңғы рет 1949 жылы атқылаған.
baq.kz