30.09.2022, 10:00
Оқылды: 46

Италия елшілігі Ресейдегі өз азаматтарын елге оралуға шақырды

 Мәскеудегі Италия елшілігі өз отандастарына аса қажет деп тауып жатпаса, Ресейден кетуге кеңес берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

5644028e20fb4dc0b482a99dd80a2d52

Дипломаттар халықаралық аренадағы соңғы оқиғаларды тілге тиек ете отырып, Ресеймен әуе және автомобиль қатынасында туындап жатқан қиындықтарды алға тартады, деп хабарлайды РБК.

 Дипломатиялық миссия бұл ретте әуе билеттер құнының шарықтап кетуін, сондай-ақ Ресеймен көршілес елдердің шекарасында қалыптасқан ұзын-сонар кезекті мысалға келтірді.

Айта кетсек, бұған дейін АҚШ елшілігі де Ресейдегі американдықтарға тура осындай үндеу тастаған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале