22.07.2022, 9:31
Оқылды: 116

Италия президенті парламентті таратты

Италия президенті премьер-министр отставкаға кеткеннен кейін парламентті тарату туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Квиринал сарайының баспасөз қызметі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.ru сайтына сілтеме жасап.

1

Серджо Маттарелла жаңа сайлау тағайындалуы үшін Парламент палаталарын тарату туралы жарлыққа қол қойды. Мемлекет басшысының айтуынша, сайлауды 70 күннен кешіктірмей ұйымдастыру керек.

Бұған дейін Италия премьер-министрі Марио Драги президент Серджо Маттареллаға отставкаға кету туралы өтінішін тағы да тапсырған болатын. Ел президенті оның отставкасын қабылдады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале