Бүгін Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, генерал-майор Ж. Жұмашев Көкшетау техникалық институтына түсуге ниет білдіргендермен кездесу өткізді.
Аталмыш шараға ата аналар, сала ардагерлері, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен болашақ курсанттар қатысты.
Шара барысында сөз алған генерал-майор Жасұлан Жұмашев аталмыш мамандықтың қыр-сырымен таныстырып, Көкшетаудағы оқу орнына ниет білдіргендерге ақ жол тіледі.
Сонымен қатар осы салада 35 жылдан астам қызмет жасаған, ардагер Тілекқабыл Саутов та жүрекжарды тілегін айтты.
Кейін аталмыш оқу орны жайлы бейнеролик көрсетілді.
Темірболат ӘНУАРҰЛЫ
zhaikpress.kz