5.11.2020, 10:54
Оқылды: 69

Қабылданған заң шекарамыздың беріктігін қамтамасыз етеді

ҚР Парламенті Сенаты «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету және ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын қабылдады.

2C9FC5C3-FB18-46E3-9695-7E7278F216CD

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевтың айтуынша, мемлекеттік шекара – ұлттық қауіпсіздігіміз бен елдігіміздің кепілі. Бұл заң ұлттық қауіпсіздік органдарының басқару қызметін оңтайландыруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ инфрақұрылымды дамыту және арнайы техникаларды қолдану арқылы мемлекеттік шекараны күзету мен қорғау жүйесін жетілдіруге жол ашады. «Заңда маңызды нормалар қарастырылды. Олар Президентіміздің мемлекеттік шекараның мызғымастығын қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын іске асыруға арналған. Қазіргі таңда әлемде түрлі сын-қатерлердің туындап жатқанын көріп отырмыз. Сондықтан шекараны уақыт талабына сай күзетудің және қорғаудың мықты жүйесін қалыптастырудың маңызы зор. Осы орайда бүгін қабылданған заң ұлттық қауіпсіздік органдары мен шекара қызметінің тиімділігін арттыруға, шекарамыздың беріктігін қамтамасыз етуге қызмет етеді деп сенеміз», – деді Сенат төрағасы.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале