Алматы облысы Нарынқол ауданында ауыл тұрғындары малшыны жауыздықпен өлтірген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Фото: видеодан кадр
Бұл жағдай туралы «Көреміз» бағдарламасында айтылды.
Сұмдық оқиға Алматы облысы, Нарынқол ауданында болған. Төрт баланың әкесі Қадіржан Темірғалиевті өз достары сабап кеткен. Соққыға жығылған ер адам үйіне өз аяғымен келген, алайда бір сағатқа жетпей, көз жұмған. Ал айыпты деп танылған үш адамның біреуі қамалған. Қадіржан Темірғалиев әйелі шындықты іздеп, халықтан көмек сұрады.
Бірақ әйел айыптылардың біреуінің ғана қамалғанына наразы.
«Тергеушіге бәрін айтып бердім. Ол үшеуін де алып кетті. Кейін екеуін жіберген. Жеңіс қана түрмеде отыр», - дейді ол.
Малшыны сабап өлтірді деген күдікке ілініп, кейін бостандыққа шыққан Ақылбек Жазықбаев өз шындығын айтты.
«Мақсат, Жеңіс, мен, Қадіржан аға төртеуіміз іштік. Сосын олар кетіп қалды. Мен үйде қалдым. Олар қызу еді. Бізді «жоқ болып кетті» деп жатыр. Тергеушілер «бармай тұрыңдар ауылға» деді. «Қанға қан, жанға жан» деп отыр бәрі. Ал менің ешқандай кінәм жоқ», - деді айыпталушы.