24.01.2022, 10:00
Оқылды: 88

Қайтадан ашылуда

Облыс бойынша коронавирус індетін жұқтырғандар саны соңғы аптада (17-21 қаңтар) 84%-ға жиіледі. Науқастар санының күрт артуына байланысты облыстық көпбейінді аурухана жанындағы инфекциялық стационар, сондай-ақ облыстық фтизиопульмонология орталығының «Кумыска» провизорлық стационары және Казталов аудандық ауруханасындағы жұқпалы ауруларға арналған 75 орындық бөлімше қайтадан жұмыс істей бастады.

2020032710343539453_2020032709465139927_553923

Өңірде КВИ-ге  шалдыққан  науқастарды емдеуге арналған  10  стационар  жұмыс істеуде.  Биыл 1 қаңтардан бері  2725 тұрғын коронавирус жұқтырса, оның бесеуі көз жұмды.  Алты  науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Ревакцинациядан өтуі тиіс тұрғындардың 12%-ы  ғана қайта иммундаудан  өткен. Облыстық көпбейінді аурухананың бөлім меңгерушісі Бибігүл Айтбаеваның мәліметінше,  аталмыш аурухананың  жұқпалы аурулар бөлімшесінде 58 науқас амбулаторлық ем қабылдауда. Олардың  28-і екпе алса, 30-ы әлі вакцина қабылдамаған.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале