Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Орал қаласы әкімінің өкімімен Арсен Ғұбашев қала әкімінің орынбасары болып тағайындалды.
Арсен Зиннатұлы 1987 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Білімі – жоғары.
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті мен Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетінің «қазақ тілі және әдебиеті» және «мемлекеттік жергілікті басқару» мамандықтары бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын «Ақжайық» ФК АҚ-ның баспасөз хатшысы қызметінен бастады.
Әр жылдары:
- Круглоозерный орта жалпы білім беретін мектебінің тәлімгері;
- ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ақпарат және мұрағат комитетінің «Талдау және ақпарат орталығы» РМК Медиа-мониторинг басқармасы аймақтық БАҚ мониторинг бөлімінің БҚО бойынша сарапшысы;
- ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, ақпарат және мұрағат комитетінің «Талдау және ақпарат орталығы» РМК Медиа-мониторинг басқармасы аймақтық БАҚ мониторинг бөлімінің БҚО бойынша жетекші сарапшысы;
- Орал қаласы әкімі аппаратының бас маманы;
- Орал қаласы әкімі аппаратының бас инспекторы;
- Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппараты жұртшылықпен байланыс жөніндегі қызметінің басшысы болып еңбек етті.
2021 жылдан бастап Батыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Арсен Ғұбашев қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің қызметіне жетекшілік етеді.