12.09.2024, 11:00
Оқылды: 169

Қала күні: Оралда гала-концерт өтеді

Қыркүйектің 21-і күні сағат 20:00-де Оралдағы ҚР Тұңғыш Президенті алаңында Қала күні мерекесіне орай «Туған қалам – Орал!» гала-концерті өтеді. Мерекелік концертке еліміздің эстрада жұлдыздары қатысады.

14714CF4-25AC-49B7-927F-4443CE343032

Оралда Қала күніне орай 17-23 қыркүйек аралығында мерекелік іс-шаралар жоспарланған. 17 қыркүйекте Орал қаласы әкімінің жүлдесіне арналған волейболдан дәстүрлі «Достық-Дружба» қалааралық турнирі ұйымдастырылса, 20 қыркүйекте «Uralsk green forum»  экологиялық форумы, 22-сінде бәйгеден «Жайық жүйрігі – 2024» атты облыстың ашық шемпионаты өтеді.

Сондай-ақ ән кештері, азық-түлік және гүлдер, қолөнер бұйымдары жәрмеңкелерін өткізу көзделіп отыр.

Жоғарыда аталған гала-концертке Балжан Бидаш және Qarakesek, ADAM лақап есімімен танылған өнер жұлдыздары қатысады. Кештің жүргізушілері – өнер жұлдыздары, батысқазақстандық Ғазиз Ерболат пен Ақболат Өтебай.

Гүлсезім Бияшева

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале