Оралда биыл «Қала күні» мерекесін тойлау күздің алғашқы күндерінен басталды. Мерекеде қалалықтар үшін қырықтан астам шара ұйымдастырылса, оның негізгілері бүгінге жоспарланған.
Дәл қазір Дина Нұрпейісова көшесі бойындағы арбатта мерекеге орай «Сапалы өнім-2023» азық-түлік тауарларын өндірушілердің көрмесі мен «Ақжайық – шеберлер қаласы» қолөнер жәрмеңкесі өтуде.
Жыл сайын ұйымдастырылатын «Сапалы өнім» көрмесіне облыс бойынша бірнеше кәсіпорын мен жеке кәсіпкер қатысуда.
Көрмені аралаған облыс, қала әкімдері жергілікті кәсіпкерлердің өнімдерімен танысып, қалалықтарды мерекемен құттықтауда.
Гүлмира Сәрсенғали,
zhaikpress.kz