Осыдан бұрын біз Орал қаласының әкімі Миржан Сатқановтың Орал қаласының Жайық жайылымындағы саяжайлардың, су басу қаупі жоғары Курени, Старица, Коминтерн аудандарының тұрғындарын эвакуация жасау қажеттілігі туралы үндеуін жариялаған едік.
Қала тұрғындарының уақытша баратын үйі болмаса, қалада эвакуациялық пункттер жасақталған. Олар тұрғындарды күні-түні үздіксіз қабылдайды. Қазіргі уақытта келесі эвакуациялық пункттер қабылдап жатыр:
- Студенческая көшесі, 1Б мекенжайы бойынша орналасқан БҚУ жатақханасы;
- Деркул кенті, Даль көшесі, 7/3 мекенжайы бойынша орналасқан "Орал" СК спортзалы
zhaikpress.kz
Фото авторы: Альфия Шамаева