27.08.2021, 9:19
Оқылды: 64

Қалалық білім қызметкерлерінің тамыз кеңесі өтті

Орал қаласында «Білім мен ғылым – елдің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында дәстүрлі қалалық педагог қызметкерлердің тамыз кеңесі өтті. Кеңеске қала әкімі А.Шыныбеков, облыстық білім басқармасының басшысы А.Мыңбаева, облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподақ төрағасы М.Даупаев және ардагер-ұстаздар, педагогтар қатысты.

????????????????????????????????????

Кеңес қалалық білім беру ұйымдарының «Білімді ұлт – тұрақты даму кепілі» бейнефильмімен бастау алып, қалалық білім беру бөлімінің басшысы Ақжарқын Темірханова «Жаңа оқу жылына – жаңа міндеттер» тақырыбындағы баяндамасымен ашты. Ақжарқын Мүтиғоллақызы пандемия жағдайына қарамастан қалалық білім ұйымдарында білім беру үрдісін дәстүрлі форматта жүргізу үшін барлық жағдайлар жасалғанын, мектептер жөндеуден өткізіліп, қажетті санитарлық нормалар сақталып, барлық ұстаздар мен мектеп қызметкерлерінің 96,8 пайызы коронавирусқа қарсы вакцинациядан өткенін атап өтті. Сондай-ақ жаңа оқу жылында оқушылардың біліміндегі олқылықтарды жою, функционалдық сауаттылықтарын арттыру – ең басты міндет болатынын атады. Осы орайда баланы заман талабына қарай көрегендікпен икемдеп, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы екенін баса айтқан қаланың бас ұстазы мұғалімдер қауымын айтылған мәселелер төңірегінде ой түйіп, нәтижелі жұмыстануға шақырды.

????????????????????????????????????

Орал қаласы әкімі  Абат Шыныбеков еліміздің  тұрақты дамуының кепілі болар ұрпақты білім нәрімен сусындатып, жақсы қасиеттерді бойына дарытуда басшылыққа алынуы тиіс бірнеше міндеттерді  атады.

Пленаралық мәжіліске онлайн байланыстқа шыққан ҚР БҒМ «Мектепке дейінгі балалық шақ» Республикалық орталығының директоры Манара Адамова 2021-2022 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру жұмыстарын таныстырса, «Ұлттық Ұстаз» онлайн академиясының директоры Гүлмира Корғанбаева әлемдік ғылым көшіне ілесудің алғышарттарын тарқатып, жаңа мектептің үлгісін қалыптастыруға тоқталды.

????????????????????????????????????

Орал қаласындағы NIS директоры Айдарбек Айтпукешев мұғалімнің зерттеу мәдениетіне, қызметін қолдау тұжырымдамасына арналған жобаның нәтижесімен бөлісті.

«STEM Academia» ЖШС-ның даму және зерттеу директоры Мағжан Қыстаубаев оқыту барысында сандық технологияларды қолдану мәселесіне тоқталды және облыстағы білім ұяларында интерактивті лабораториялар ашуды ұсынды.

Конференция аясында №33 орта мектептің директоры Үміт Ерғалиева «Жобалар: идеядан – іске» тақырыбымен білім жүйесіндегі жобалық жұмыстар туралы ой тарқатты.

????????????????????????????????????

Спикерлердің идеялары тыңдалған пленарлық мәжілістен соң үздік ұстаздар ҚР Білім және Ғылым Министрлігінің,  қала басшысының, және облыстық педагог қызметкерлері кәсіподағының Құрмет грамотасы, алғыс хатымен марапатталды.

????????????????????????????????????

Айта кетейік, биыл жаңа оқу жылында қала бойынша 1 сыныпқа 6364 оқушы қабылданған. 2021-2022 оқу жылында қала мектептерінде 55 394 оқушы білім алады деп күтілуде. Бұл өткен жылғы оқушылар контингентінен 2784 балаға көп.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале