5.06.2025, 12:15
Оқылды: 126

Қалдықты қалай ресурсқа айналдыруға болады?

БҚО-да Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай көрме өтті.

БҚО табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының хабарлауынша, бүгін қалалық мәдениет және демалыс саябағында Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні мен Экологтар күніне арналған салтанатты жиын өтті.

caf598cd-6cb0-49e2-8364-512d381286f9

Іс-шараға мемлекеттік мекемелердің, өндіріс орындарының эколог мамандары, ардагерлер мен қоғам өкілдері қатысты.

IMG-20250605-WA0134

Іс-шара аясында қала мектептерінің оқушылары арасында ұйымдастырылған «Қайта өңде – Қайта өмір сыйла» атты шығармашылық көрме көрермен назарына ұсынылды. Көрмеге балалардың тұрмыстық қалдықтар мен қайта өңделетін материалдардан жасалған бұйымдары қойылды.

de63c37d-bed5-4bdc-bcf5-aa125ecaef12

Оқушылар өз қиялдары мен экологиялық білімін ұштастыра отырып, пластик бөтелкелерден жасалған гүлдер, картоннан құрастырылған макеттер, қағаздан жасалған сәндік бұйымдар мен тұрмыста қолдануға арналған ыдыстарды көрсетті.

Қатысушылар мен көрермен балалардың еңбегіне жоғары баға беріп, қоршаған ортаны аялауға үлес қосып жүрген жас ұрпақтың белсенділігін атап өтті.

Салтанатты жиын барысында қоршаған ортаны қорғау саласына үлес қосып жүрген бірқатар маман ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі тарапынан марапатталды.

«Еңбек ардагері» медалімен БҚО экология департаментінің зейнеткері Өтепберген Мұқанов;
«Экология саласының үздігі» төсбелгісімен – бас мамандар Төлеген  Бақтығалиев пен Айнагүл Кенжина;
Құрмет грамоталарымен «Жайықмұнай» ЖШС-нің департамент директоры Дәулет Төлегенов және «КПО б.в.» компаниясының бөлім басшысы Елена Почиталина.
Алғыс хаттармен – «Жайықжылуқуат» АҚ инженер-экологы Алтынай Шұнаева, «ALTRA TYRES» ЖШС экологы Диана Тлефтинова, сондай-ақ «Экология-географиялық қоғамының» басшысы Дархан Сариев пен БҚО табиғи ресурстар басқармасының бас маманы Жадыра Қойшекенова марапатталды.

Жиын барысында Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Шадиярұлы Айтмұхамбетов сөз сөйлеп, қоршаған ортаны қорғаудағы еңбегі үшін бірқатар сала мамандарына облыс әкімінің Алғыс хаттарын табыстады.

Атап айтқанда:

Табиғат қорғау шаралары бөлімінің бас маманы Майра Ғалымжанқызы Майхарина;
Жәнібек ауданы әкімдігі өкілі Арман Серікұлы Түйебаев марапатталды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале